2024-08-20 16:32
Бүгін сары балам ауладағы бір орыс баланың артынан қуып жүріп, аяқ киімін шешіп алып, мусор салатын контейнерге лақтырып жіберіпті. “Боқтады мені” дейді. Бірақ ақ-қарасын білмеймін. Содан үйге анасы іздеп келіпті. Сөйтсе қызым “Бар да алып бер, мама оның мамасымен бәрібір орысша ұрыса алмайды” деп баламды әлгі баланың шешесіне ұстатып жіберіпті)