2024-08-21 04:21
Бір қызды білемін. Мейірімді, аңқау. Көп алданады екен. Таныстары, жақындары, туыстары қарыз сұрап, бермей кетеді, алдап кетеді, әйтеуір бірдеңесінен айрылады да жүреді. Кейде жұмыс барысымен барсам, көңіл-күйі болмай ренжіп тұрады. Мен: "Аида, мына заманға ақырзаманды жақындатпай ұстап тұрған сен сияқты жандар. Жүрегіңнің тазалығын жоғалтпа. Олар әлі жауап береді. Сені болашақта үлкен жетістіктер күтіп тұр"- деймін. Оның көзі жарқ ете қалады, жадырап 🤗