2024-08-06 14:15
Қазақстанда көп адам(әсіресе жастар) қазақша сөйлегісі келмейді, өз тілін менсінбейді деген пікір қалыптасып қалған. Алайда, жақында бір жастарға арналған(арасында орысы бар, басқасы бар, көбінесе орыс тілді аудитория жиналған) кешке бардым, бір кезде Ұланғасыр Қамидың «Балқия» әні ойнай бастады, шыны керек, сол кезде әлгі жастардың қалай шулап, әннің сөздеріне қосылып айтқанын, билегенін көргенде «жағымды таңданыста(шок)» болдым.