2024-08-07 05:39
Ол қайда барарын білмеді, бірісі оң жағынан екіншісі сол жағынан шығып жатқан бұрылыстарды көрген сайын өзінің адасқанына сене түсті. Сол кезде ғана кеудесін отыра беруім керек еді деген өкініш билеп, мазасын қашырды. Айналасына көз жүгіртіп еді, тоқтаусыз судың ағынындай жүріп жатқан адамдар, оны келемеждеп, мазақ етіп жатқандай. Сол кезде ғана көзіне үміт оты басылды. Іздеген тақтайшасын тапты. Дереу сол көрсеткен тұсқа жүгірді де, тура бұрышта, есіктің сыртында "дәретхана" деген жазуды көрді.