2024-08-13 17:10
Лентамда ярый феминисттік посттар мен сексисттік посттар қатар шығады. Қызығы - бір-бірін көрмейді. Әйтпесе қырғын болар еді ғой.
Бала кезімде бір-біріне тимей, қатар жүріп жатқан құмырсқаның қарасы мен қызылын ұстап алып төбелестіріп жіберетін едім. Мына жерде де сөйткің келеді екен, тек мүмкін емес. Екі саусақпен қатар шыққан посттарды біріктіріп бір папкаға салып жіберуге болатын болса. Ай бір шайқас көрер ма едік🤓