2024-08-14 20:51
Шексіз аспан қап-қара түн көйлегін сәндене киініпті. Қадалған мың сан жұлдыз бейне көйлектің жауһар тастарына ұқсайды. Түн көйлегінің әдемілігін жеткізу мүмкін емес.Салтанаты өзіне жарасқан,қарапайым да,асып-тасыған да емес, шексіз, тұңғиық.Құдды бір аспанның асқақтығын паш еткендей.Қадалған жұлдыздар өзіне қарай тартады,ғажайыпқа шақырады.
Үміттендіреді,кейде сағымдай үміт отын қайта өшіреді