2024-08-17 15:06
Нарынқол жақтың қызымын. Қызылшекара деген ауыл бар, Нарынқолдан 25 км-дей жерде. Менің 10 жасымда Алматыға көштік. Ауыл тура Қытаймен шекараның бойында жатыр. Біздің үй ең шеткі болғансоң шыға сала тауға көз салсаң Хан-тәңірі көрініп тұратын, әрине басын бұлт шалмаса. Сол ауылда есімде жаздың осы уақытында ел-жұрт шөппен айналысып жататын. Енді күзге қарай шекарадан ары жаққа қарасаң көз ұшында ұзына бойлай жер өртеніп жатқанын көретінбіз. Бала болғансоң бәрі қызық ата-анамның мазасын алатынмын