2024-06-07 11:32
Тамашасың, сен неткен тамашасың
Көңілдермен кіршіксіз санасасың
Өміріңе мен ғана кедергі едім
Ал, сен кіммен болсаң да жарасасың)
Жүрегім, кімге енді жағынасың
Кімге өкпелеп, кімдерге жалынасың
Қазір ғана теңізге тастай салдым
Махаббат деген сөздің мағынасын
Жын ұрғандай жасымнан желіккенмін
Қаншама жыл көңілге көрік бердің
Өшер-өшпес сәулені қазір ғана
Мәңгі бақи көріме көміп келдім…
Т.Д