2024-06-10 15:29
Таңертең ұйқымнан оянып жатсам, жаңа піскен тәтті бірдеңенің хош иісі мұрныма келді. Жеңгем ерте тұрып, құймақ пісіріп жатқан болар деп дәмелендім) Асыға тұрып, бөлмемнен шығып, асүйді қарасам, ағам “гренки” пісіріп қойыпты. Екі қызына шай беріп отыр.
Үйдің (әзірге) кенже бұзығы сол маңда әрлі-берлі кезіп жүр)
Жеңгем әлі ұйықтап жатыр екен)
Жып-жылы көрініс🥰