2024-06-13 16:46
Ұшаққа отырдым.
Әуеге көтерілгенше анаммен және құрбыммен сөйлесіп отырдым. Сәт сапар тілеп, дұға оқып жүр деп екеуі де бір мезетте жазды.
Қаншама сүре, дұға біліп, оны айтып жүруді білсем де, кейде есімнен шығып кететіні бар. Есіме салғандарына қатты қуанып қалдым.
Ұшаққа отырғызу аяқталып, әуеге ұшқалы жатырмыз.
Дереу ойыма әлгі сүрелер мен дұғалар келді. Бірнеше рет айтып, жан-жағымдағы жақындарыма амандық тіледім.
Көңілім босап, көзім жасқа толды)