2024-06-27 16:29
Қырықтан кейін ешкімге ештеңе дәлелдегің келмейді. Жаныңның тыныштығын қадірлей түсесің. Артық сөз айтып, аузыңды ауыртқың да келмейді. Қазіргі өзіңді жасау үшін қанша күш жұмсағаныңды білесің. Сондықтан қадір-қасиетіңді түсінбегеннен өзіңді аулақ ұстайсың. Сенің кім екеніңді білетіндер бәрібір қасыңда болады. Болмаса да, саған ол жағы енді маңызды емес… сен бәрін сол күйінде қабылдап үйрендің. Өзіңді де, өзгені де. Өмірдегі үлкен жеңістің бірі осы! Түсінген адамға…