2024-07-05 08:01
Рөлдемін машінеде. Шылым тұтатып жібердім. Қасымда отырған ағам да терезесін ашып түтетіп жіберді. Артқы орындықтан жеңгем "сендерді осы темекілерің қартайтады" деп қалды.
- Өй, тез-тез қартайып, кететін жаққа кету керек те! - деймін әзілдеп. Ағам да іліп алып:
- Ия, жыртың-жыртың етіп не бар?! - дейді.
- Өләә, әңгімелерінің түрін қара! - деп жеңгем отыр. Біз қарқ-қарқ күлеміз...😁