2024-07-16 08:18
Осыдан он-он бес жыл бұрын туыс ағам мен әпкем медицинада оқып, қызылға бітіріп шетелдерге оқуға түсті, жұмыстарын жасап жүрді. Ағам үйленіп, келіншегі оқып жүріп екі балалы болып, анестезиолог-реаниматолог дәрігер болып оқуын аяқтады. Маған осы кісілер қысқаша айтқанда “кумирлерім” еді. Сол кісілердей болсам деп жүріп уақытта өте берді, менде есейе бердім, оқыдым, бітірдім, тағы оқуға түстім… бірақ соңғы жылдары балалық шақтағы негізгі арман-мақсатымнан көз жазып қалғандаймын.