2024-07-23 12:00
Магистратураның 1-курсын оқып жүргенімде итальян тілін де ұнатып, біршама сөздер жаттап тастаппын. Оны ютубтағы «Итальянский по плейлистам» видеолардан қарап, дәптеріме конспект жасап жоғары деңгейде үйренбесем де, түсініп үйреніп қалған болатынмын😅
Магистратураның 2-курсын оқып жүргенімде “Наурыз” мерекесіне Ташкент қаласына 4 күнге саяхаттап барған болатынмын. Ол жақта да құры жүрмейін деп, өзбек тілін азды-көпті үйрендім.