2024-09-13 11:43
Ноутыма наушник алу үшін Miniso-ға келгенмін. Кассаға келсем, кассадағы сатушы: «Тексеріп алдыңыз ба? Сатып алғасын бұзылғанын білсеңіз, кері қайтара алмайсыз»,-деді.
Мен тексермегенмін. Сатушы өзі басқа телефонға қосып, тексеріп берді.
Сатушыға іштей риза болдым. Мені тез өткізіп жіберіп, уақытын құртпаса да болар еді. Бір жағынан жауапкершілігі де жоғары болып тұрған секілді.
Солай, әлемде әлі де жақсы адамдар бар екен…