2024-08-25 10:40
1.ЖАУҺАР. Жауһар менің қайын сіңілім. Мен келін болып түскенде кіп-кішкентай қыз еді. Сондай пысық,шаруа, қолынан бәрі келеді. Өзі ақкөңіл, ешқашан адамға өкпелемейді. Күліп жүріп бар тірлікті бітіріп жүре береді. Біз бөлек шығып өз тірлігімізбен кеттік. Жауһар басқа қалаға тұрмысқа шықты, күйеу бала да сымбатты,денелі, жігіт . Бірақ Жауһар бөпе көтере алма, ұзақ емделді, бармаған дәрігері қалмады. Екеуінің де денсаулығында кінәрат жоқ. Бірақ бөпелі бола алмады