2024-08-27 09:46
Соңғы кездері мені бір ой мазалап жүр. Алдағы 30-40 жылда ата-анамыз өмірден озады. Алдағы 50-60 жылда біз өмірден озамыз. Ал 100 жылдың ішінде біздің балаларымыз өмірден озады. Табиғи өсіп-қартаюды алатын болсақ. Сонда 120 жылдың көлемінде қазір біз білетін, білмейтін 9 млрдқа жуық адам мәңгілік ұйқыға кетеді деген сөз. Ғасыр сайын сансыз жан дүниеге келіп, дүниеден өтеді екен. Жер бетіндегі өмірді азап санаймын. Қаншама адам бақытсыз өмірді кешіп жүр.