2024-08-28 19:09
Отандық кітаптарды бұрын аса құлшыныспен оқымаушы едім. Соңғы кездері ықыласым ауып жүр. Казір Ілияс Есенберлиннің Алмас қылышын бітіруге таядым. Байлық пен билік, хандыққа талас жолындағы небір тағдырларды сезімтал сипаттай алған. Қиялмен бірде Жәнібек болып Қазақ хандығы деп атой салсаң, кейде Әбілқайыр, Есенбұға болып тақтан айырылып қалмаудың қамын күйттейсің. 10-сыныпта осы Көшпенділердің соңғы томы Қаһарды оқығанда да Кенесары болып қазақ даласын кезіп едім🙂
Қандай кітап ұсынасыз? Топ 3️⃣