2024-08-29 07:09
Басқа елде жүргенде ғана өз елінді бағалайсың.Бөтен тілде сөйлеп жүріп, кейде өзімді жалғыз сезінемін.Отбасыммен видео арқылы көп сөйлесемін.Сөйлесіп болғаң соң бір нүктеге қарап, ойланып қаламын.Ешкімге көрсетпей, проблемаларыммен көп бөліспеймін.Негізі кейде қайтып, барлығын жарты жолда тастағым келеді.Алайда, отбасым мені әрқашан қолдап, мені керісінше бастағанымды аяғына дейін жеткізуге жетелейді.Ойлап қарасам менімен жасты адамдар әлі ата-анасымен тұрып, солардан ақша сұрайды екен. 🧵