2024-08-30 19:53
3-ші бөлім.
Шығыстың қақаған аязы мен жұмыстан сұранып Узиге түсуге жол тарттым… Ішімнен барлығы жақсы шығар жай организм дайын емес шығар деп бара жатырмын… Бір кезде Узиге ұзаақ түсірді, врачтың түрі бұзылып кеткен басын шайқап ц-ц-ц деп қояды. Бірден ішім бір жамандықты сезді… қол аяғым дірілдеп тұла бойым мұздай болып кетті… “Не айтар екен?” Деп врачтың аузына қарап отырмын үнсіз…”Милочка” деп бастады, «ты не можешь иметь детей» деді…