2024-09-16 22:44
Қазақстан Армиясында жас солдаттар өлімі көбейген. Қазір дамыған заманда осындай жағдай орын алып отқаны ҰЯТ емес пе? Жас балдар қалай армияға қуана, асыға барады мынандай жағдайларды естіп? Әкем айтушы еді, бұрын біз армияға мен барам, мен барам деп таласатын едік деп. Қазір бәрі қашады. Ойланатын жағдай! Өзімде ұл болса мүлдем армияға жібермеймін.Соғыста да үйдің жалғыз баласына тиіспеуші еді, үйдің асыраушысы деп соғысқа алып кетпеген, қазір оғанда қарамай алып кетіп жатыр.