2024-09-03 01:47
📌 менің монологым
Қолыңнан бәрі келетін кезде текке мақтануды қойып, өзгеге өзіңді дәлелдеуді доғарасың. Өзіңнің мықтылығыңды сезінгенде сабыр сақтап, төбелеске араласпай, шетте қарап тұрасың. Шын сүйген кезде "сүйем" деп айқайламайтын боласың. Адам өзіне сенімді болғанда толыққанды екенін сезінеді. Шамасы неге жететінін біледі. Өзгелерді алдап сендіруге тырыспайтын болады.
Шынар Әбілда