2024-09-05 18:08
Үйленген досымның үйіне қонаққа бардым. Үйін көрсетіп жатып, өзінің ұйықтайтын жерін көрсетіп, сен бұндай төсекте ұйықтап көрмегенсің деді. Мән бермедім. Кейіннен ойланып қарасам, мен туылғалы ешқашан өзімнің жататын жеке төсегім болмапты. 23 жыл бойы жерде, ары кетсе залдағы диванда ұйықтап келіппін. Бір түсінгенім, жеке төсегім болу үшін, мен ең алдымен үйленуім керек екен. Үйленбесем, өмір бақи диванда ұйықтап өту қаупі туындап тұр екен. Жұмсақ 🛏️ үшін үйленуге дайынмын, деп қоясыңғо жаңағы)