2024-09-05 16:22
Бала кезімізде бауырларыммен инелік ұстап ойнайтынбыз. Тек ұстап қана емес, кейде балалықпен одан да сорақысын істейтін едік. Оларды ұстап алып, бір ыдысқа қамап қоятынбыз. Бірақ қолымызға түскен соң, қанаты жұлынып қамалған инеліктердің қызығы қалмайтын. Басқасын ұстауға, өзімізді қуантып, оларды қуартуға асығатынбыз.
Қарасам қазір кейбір жігіттер де солай жасайды екен. Сұлу, еркін, арманшыл қыздарды уыстарына түсіріп, қанаттарын қырқып, төрт қабырғаға тығып қоюға асығады екен… 🧚♂️