2024-09-06 01:44
Жұлдызды жұмбақ өлім. Шәкәрім Құдайбердіұлы. 5-бөлім.
1931 жыл. Күз. 73ке келген Шәкәрім Кұдайбердиев аудан орталығына бет алады. Сол кезде мылтық даусы гүрс ете түседі. Қаперінде ештеңе жоқ қарт иығынан оқ тиіп, аттан құлайды. Көзін ашса, ОГПУ қызметкері Қарасартов жанында ұлты башқұрт Халитов деген милиционері бар. Ш. Құдайбердіұлы олардан аудан орталығындағы ауруханаға жеткізуді өтінеді. Жауап орнына мылтық шаңқ ете қалады. Мылтық түтіні тарқағанда, Ш. Құдайбердіұлы ��ұл дүниеде жоқ еді.