2024-09-09 11:23
Кеше күздің жылы күндерін құр жібермейік деп отбасыммен паркке бардық. Біраз аттракционның шаңын шығарған соң, демалып орындықта отырған едік қасымызға екі жасөспірім қыздар келді де, автобуспен қайтуға 200 тг жетпей тұр деп қиылып сұрады. Жоғалтып алдық дегенді қосып, шынымен сендірді. Жақсы, берейін, бірақ каспиде деп едім, телефон номерін қолымдағы телефонға 5 секундта жазып берді. Келіп еңкейгенде темекінің иісі мүңк ете қалды, көңілім ай осылардың өтірігі бар ау деп тұрса да,