2023-07-08 17:43
Өзімді таныстырайын. Мен екі мыңыншы жылы бұрынғы Шығыс Қазақстан облысы (қазіргі Абай облысы) Аягөз ауданында туылдым. Ақшәулі ауылында тұрдым, оқыдым, өніп-өстім. Жазуға деген қабілетім мектепте ақырын білінетін. Шығарманы дыбысымды шығармай отырып жазатынмын. Бәрі мақтайтын. Қазір Аллаға шүкір аздап өлең шығарып, әңгіме жазамын. Маған тіркеліңіз қазақ тілді контентті қолдайық.😁