2023-07-14 09:21
Танысым Қазақстанда әлеу желі дамыған ба деп сұрады. Азиядағы елеусіз елміз, сұрауы заңды.
-Халық өте белсенді,-деп Еркенің инстасын аштым мақтанышпен.
-Фоллоуері көп, сонда орыс,ағылшынша да ән айта ма? Шетелдіктер тіркелген бе?-деді таңырқап.
-Жоға, тек қазақша.
-Өздерің он млн қазақсыңдар. Оның сегіз млны Еркенің фоллоуері… сонда бүкіл Қазақстан инстаграмда отыр ма?
Шындық. Инстаны төрт көзіміз түгел күзетеміз. Ютубтан әлемде біріншіміз, кеше ашылған Тредске де жапа-тармағай көштік, шүкір😅