2023-09-13 17:19
Алматым менің. Тауларыңмен ерекшесің. Қаншама адам қонаққа келіп қалып-қалып жатыр. Қаншама адам өздерінің сәтсіздіктеріне сені ғана кінәләп жүр. Мен сияқты алдыңнан талай адам өткен шығар. Сенің сұлулығыңды мойындағаннан басқа шарам жоқ. Қаншама адамның еміне шипа болдың ғой сен. Ақындар да жырын арнап, жазушылар да өз әңгімесін сенен бастаушы еді ғой. Шетел асып алысқа кетсем ең бірінші Алматының Фурманов көшесін сағынып кетемін.