2024-10-08 20:54
Бисмиллях…
Үйленуге ниеттеніп, өзімнің көңіл қалауындағы қызды іздеп көрдім. Бірақ, үйленер болсам, Шымқаладан еш қайда шықпайтын, мемлекеттік қызметте жатып қалатын сезім бойымды билейді. Өз басым Қазақстаннан әлде қайда дамыған мемлекеттерді көріп, сонда өмір сүріп көргендіктен есіл дертім Европаға қарап ұлып тұрады 😁
Әке анамның қазақ қызы келін болсын деген жүрек жарды тілегі мені үйленуге тежеп тұр.
Ұзын сонар сөздің қысқасы, өзім кезбемін десем тура болар. Көптеген елдерді кезген ұнайды.