2024-09-18 17:28
Алматы мен Тараздың арасында жиі қатынаймын. Қордайға жете бергенде пятак тұрады-асханалары көп. Сол жерден тоқтаған сайын қарным аш болса міндетті түрде қазақ апаларымды тауып алып, солардың қолын жүргізуге тырысамын, егер ол кісілер болмаса онда асты үстіңе түсіп, көрпесін жайып күтетін түріктерге кірмеймін. Себеп қарапайым-қалтамнан шығын шықса қазағымның қазанына түссе деймін. Бұл принцип! Бұл принципті жеміс жидек, азық түлікте,білімнен басқа барлық жерде ұстанамын!