2024-09-20 16:35
Жетістікке жетем десең көздеген,
Өзіңді еш салыстырма өзгемен.
Өткен шақты алма мүлде ойыңа,
Келер шақта десең егер өзгерем.
Бірде құлап бірде тұру заңдылық,
Бірде суып бірде тұрар жан жылып.
Уақытында барлығы да болады,
Не бар дейсің баста тұрар мәңгілік.
Жоспарыңды жасап ал да жақсылап,
Жаратқаннан тілей берсең бақ сұрап.
Бүгінгі күн ойдағыдай болмаса,
Ертеңгі күн болар одан жақсырақ.
Санат Досболатұлы.