2024-09-24 08:21
Үзінді қай шығармадан алынды, тауып көріңіз?
Есік алдындағы мотоциклді мен бірден таныдым – Қаратайдікі. Жаппаның ашық тұрған есігінен үп-үлкен керзі етік киген аяқ көрініп жатыр. Оның да иесі сол бір адам. Көсіліп жатқан аяқ біздің дабырымызды естіп бүгіліп, жинала түсті.
- Лагерьге бармадың ба? — деп сұрады мамам менен.
- Жоқ.
Біздің мына алабөтен жүрісімізді ұнатпады-ау деймін, мамамның қасқабағы салқын еді. Сұлтан соны аңдады ма, түспеді.
👇🏻