2024-10-02 16:54
“Енді қайтіп мұғалім болмаймын!” деп, тастайтынын тастап, біраз киімімді таратып жіберген едім.Өз-өзіме келіп,қуыс-қуыстан юбка-костюмдерімді іздеп кеттім.Сәл жаңа киімдер қосылыпты.Мөкөсиім әкеп берген сарафан да құйып қойғандай тұра қалды.Сол мамандық, мұғалімдік!Тек “Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек” демекші, жұмысым жеңілдеу, басқа атмосфера және бұрынғыдай емес,көп өзгерген, өмірді басқа қырынан таныған, өмірді де, кездескен мәселерді де жеңіл қабылдайтын жаңа толқындағы жанға айналыппын.Шүкір!