2024-10-04 17:05
Мамандық иесі болу бөлек, маман болу бөлек. Жұмысқа басында орналасқанда бөлек адамсың, бірер жылдан кейін басқа адамсың. Дипломның бар екендігі, ол тек бастамасы, ол саған жұмысқа орналасуға “билет” секілді. Әрі қарай бәрі өз қолыңда, универде оқығаның басқа, ал практика жүзінде басқа нәрсе болып шығады. Ең бастысы қызығушылық пен талпыныс. Және де адамгершілік, онсыз жаңа коллективте жас мамандық иесі болып келіп өз орныңды табу қиынға соғады!