2024-10-05 19:33
Бір қызық оқиғамен бөлісейін) Біз, күйеуім екеуміз бөлек тұрамыз. Менің енді босанып келген кезім. Ұйқы шала, түн ұйқым 1041 рет бөлініп, күндізгім де оңып жүрмеген)) бір күні, күйеуім жұмыстан келсе, ұлым екеуміз ұйықтап жатыр екенбіз. Мен естімегенмін есік ашылғанын, қатты шаршап ұйықтап қалыппын. Ол баланы алып, маған телефоныма звондайды, без звукада тұрғанын көріп, даусын қосады. Кейін тағы звондайды, мен телефонды алып “алло” дедім да, қойып тастадым. Кейін, түсініксіз күйде отырдым. Комме
266
回覆
117
轉發
15

回覆

轉發

24小時粉絲增長

無資料

互動率

(讚 + 回覆 + 轉發) / 粉絲數
Infinity%

回覆 (BETA)

最先回覆的內容
發文後用戶內容
4 分鐘內
Fariza Kairatova
kairatova_kz
Сөйтіп, қолыма қараймын, подушканы көтеріп қараймын, бесікті ашып қараймын, пультты алып қараймын. Но не іздеп отырғанымды білмеймін. Бірнеше секундтан кейін есіме түсті баламды іздеп оытрғаным. Ал күйеім баланы көтеріп, есіктен қарап мені бақылап тұр екен. Көріп уф дедім. Қатты шошып кеттім, күйеуіме енді қайталамашы дедім. Қазір күліп еске аламыз, подушканың астынан іздедіңғо деп😅
5 小時內
Бәрі жақсы болады
omirde_bolgan_angineler
Мен бірінші баламды босанып келген соң,солай түнде ұйқы жоқ жылай береді.Күндіз келіндік қызмет өліп шаршаймын.Күнде түнде күйеуіме ойбай бала қайда ,бала жоқ деп шулатамын.Жанымда жатқан баланы қалай коляскасына немесе манежге жатқызғаным есімде жоқ.Күйеуім енеме мына келінің күнде бала жоқ деп шулатады деп маған прикол ұстап
12 小時內
Акмаржан Жаникулова
zhanikulova4
Не істер екен деген ой ғой. Қызықтаған ғой. Өмір сонысымен қызық.
12 小時內
profile
омарова сауле
sauleomarova
Мені қызыммен бірге алып кетіп мама мен папа екі бауырым ,9 айлық болғанша қосып бақты.Айтатыны жоқ ұйықтамайтын еді жылауық түнде.Күндіз жатады еміп алып.Қазір 22 жасында масқара енді мінез бар.
12 小時內
profile
Meadow
etcheco.jauna
Мамаааа, осындай кезде күйеуіме және өз анашыма мың алғыс. Босанғанда екеуіде жылдық демалыс алып, 3 айына дейін үшеуіміз бақтық. Түнде өздері тұрып бәрін баланың киімдерін үтектеп, тамақ дайындап, жуатынды жуып, жинайтынды жинап, баланы жуындырып, ұйықтатып, мені оятпай бәрінен өздері өтті ғой. Мен тек емізіп, баламды жақсы көріп жүрдім 😆😆😆
12 小時內
Құрақ өнері
qol.oneri
Менікі масқара болған чернпной давл бар екен. Біз білмейміз. Сомен түнімен жылайды. Түнімен бесікке саламын, аламын сонымен таң атады. Бала басы ауырады екен біз білмейміз. Таң ата ұйқыға кетеді ол да шаршап. Мен де ұйықтаймын. Енем шыгат сосын азанда тұрмайт шай бермейді, сиыр саумайды деп. Мен саумаймын сауа алмаймын дедім. Қолымдағы балам3ай болғанда тағы көтеріп қоймасы барма.
13 小時內
profile
Жамбыл Дінбай
zdinbai
Соның үшін жас босанған келіндерді бала қырқынан шыққанша күтімде ұстаған үй ішімен, қазір бәрі қалды ғой
20 小時內
Арайлым Асылбековна
life_is_beautifull_90
Мен егіздерді босанған соң, ұйықтап оянған сайын екеуі қасымда твғы біреуі қайда деп іздейтінмін. Сосын ұйқысырап отырып үш қыз + егіз деп есіме түсіріп түгел екенін түсінетінмін

© 2025 Threadser.net. 版權所有。

Threadser.net 與 Meta Platforms, Inc. 無關,未經其認可、贊助或特別批准。

Threadser.net 也不與 Meta 的"Threads" 產品存在任何關聯。