2024-11-01 17:02
Күнде ет жеу ішекті , ұйқы безін шаршатады, ауру қылады. Ауру ішек темірді де, серотонинді де, допаминді де , энергияны да жасай алмайды екен дегенді бір кітаптан оқып рационды өзгертіп көрейінші дедім .
Етті азайтып, көкөніс пен жеміс- жидекті көбейттім .
Нәтижесін 6-айдан кейін көре бастадым. Өзімді жеңіл сезінемін , көңіл-күйім үнемі жақсы. Шаршамаймын. Тізем ауырмайтын болды. Аллергияның приступтары азайды. Шүкір.