2024-10-12 19:34
2018-жылдың шілдесі. Төртінші балаға аяғым ауыр. ГЦРЧ-ға екінші скринингқа келдім. Дәрігер узиға түсіріп жатып қанша балам бар екенін сұрады. Айттым. Балаңыздың омыртқасында ақау бар. Омыртқа сүйегі дұрыс дамымаған,-деді.(Бірінші скринингта бәрі дұрыс болған еді) Ертең узиға күйеуімді ертіп келуімді, консилиум жасайтындарын айтты. Ертесіне консилиум болды. Төрт- бес дәрігер узиға түсірді. Нәтижесінде қызыма бірнеше ауыр диагноздар қойды.