2024-10-14 08:08
ЕҢ ҚЫМБАТ ҮЙ
(Әңгіме)
Көне шаһардың шет жағындағы қараусыз қалған саябақтың тап қасында, сырты піл сүйегі түсті жұқа кірпішпен қапталған, шипыр шатырлы, іргесі құмға жартылай көміліп, жерге шөге бастаған зәулім үйдің иесі - ұзақ жылдар жауапты қызметте майлы жіліктің басын ұстаған адам еді.
Оның Құдай қосқан қосағына еңселі үйі мен бақытты жылдар естелігін қалдырып, о дүниеге аттанғанына да біраз уақыт болды. Қазір бұл шаңырақта кер маралдай керілген кербез бәйбішесі қанша жылдан бері жалғыз