2024-10-14 11:45
Менің Парсы группаласым бар. Қазір Назарбаев университетінде магистратурада бірге оқимыз. Оқу тілі - ағылшын тілі. Бакалаврды 4 жыл әл-Фарабиде оқып, қазақ тілін меңгеріп алған. Ал орыс тілін үйренбепті. Аздап біледі. Енді қазақ тілі оның мықты. Біз сияқты сөйлейді. Түсінбейтін сөзі жоқ. Бұйырса инстаграмға видео саламын. Қарап отырыңыздар. Сонда ойлаймын, өмір бақи Қазақстанда тұрып, орысша мектепке бардым, қазақша білмеймін деген не әдет?