2024-10-14 17:30
Назарбаев Университетіндегі шетелдік профессорларға қазақ тілінен сабақ беремін. Енді біздің профессорлар қатты сөйлейді. Олардың қабылдау қабілеті де мықты ма, әйтеуір тез алып кетеді. Стористе бөлісіп жүрмін. Бірде Бурят профессорым айтады. “Осы Қазақстанда байқаймын халықтың көбісінің есімі қазақша екен. Мен Қазақстанға келгенде соны көріп таң қалдым,-” дейді. Профессордың жасы 45терде. Әжесі қойған Бурят есімді КСРо қойдыртпапты. Ол халықты аз деп, басынғаны ма?