2024-10-19 19:25
Ертең үйдің кенжетайы, жаным менің, кіші қарындасымды ұзатамын.🥺
Күн жақындаған сайын қарындасымды қимаймын. Оған деген ағалық махаббатым ретінде әрдайым қамқор болып келдім. Енді міне бұл жауапкершілік оның жолдасына да келіп жетті. Күйеубала жақсы азамат.
Аяулы қарындасым! Бақытты бол! Көзіңнен тек қуанышты көрейін!
Ертең тілек айта алмай жатсам ренжіме…🫂