2024-10-20 19:06
Кей адамдарға атын атап жазғанда шамына тиіп қалудан сақтану керек. Мысалы, Әйгерімдердің кейбірі өзін "Айгерім" деп айтып-жазуды өтінеді. Кейбіреуі өзін "АйКерім" деп таныстырады. Сол сияқты бір Айяға "Ая" деп жазсаң ренжиді және керісінше Аялар бар "Айя" дегенді көтере алмайтын. Жазира деп жазуды талап ететін Жәзиралар бар, Әлималар бар – Алима дегізетін. Дәл сондай Әзизаны да кезіктіргем. Гүлнәрдан гөрі Гульнараны жөн көретіндер бар. Ол енді бөлек әңгіме тәрізді...