2024-10-20 17:25
“Қазіргі жастардың көбісі минималист болған соң, бір қызық жағдай есіме түсіп, күліп отырмын. Ауылда әр үйде бір бұрышта артық заттар тұратын “клет” болушы еді ғой. Біздің үйдегі клетте бір темір төсек тұрды, үстіне апамнан қалған, апамның бала-шағасынан қалған, ата-анамыздың жас күнінен қалған, жалпы айтқанда, ескі сырт киімдер: бұйра-бұйра жүнді тондар, пальто, плащ, курткалар жиналатын.