2024-10-25 04:21
Өз заманында Абылай хан қалмақтың
бір қарғысшыл адамынан қарғыстың
жаманы қандай деп сұрағанда, қарғысшыл: «Шөбің жапырылмасын» - депті.
«Мені кедей бол дегенің ғой, бұл карғыс емес. Халқым бай болса, бір менің кедейлігім кемшілік емес» - депті Абылай.
Екінші, «Күлің шашылмасын» - депті.
«Бұл да карғыс емес, балаң болмасын»дегенің ғой. Өзім жақсы болсам, халыктың бәрі - менің балам» - депті.
Үшінші: «Өзің білме, білгеннің тілін алма», - депті. «Міне, ең жаман карғыс осы» - деген екен хан Абылай.