2024-10-25 18:38
Негізі менің есімімді мамам Аружан деп қойғысы келген. Мені босанғасын қызымның есімін Аружан қоямын деп мәз болып отырған.
Сол уақытта жеңгем келіп, тұңғыш баланың атын үлкендер қоятынын айтқан. Солай әжем кітаптарды ақтарып, атымды Назерке деп қойған. “Оқымысты қыз” болуымның себебін үйдегілер маған осылай түсіндіреді:)
Менің есімімнің қысқаша тарихы осылай. Ал сіздің есіміңіздің тарихы қандай?
P.S. Айтпақшы, менің сіңілімнің есімі - Аружан:)