2024-10-28 11:34
Бүгін басымнан кетпей қойған бір оймен бөліскім келіп отыр. Біраз уақыт бойы келіп-кетіп жүрді.
Осыдан бірнеше күн алдын, осы Threads те блог жүргізіп бастаған едім. Орыс тілінде жүргіземін деп жоспарлап, бірнеше пост орысша жаздым. Инстаграмда көбірек Қазақша жазғандықтан, бұл жақта орысша жазармын деп шештім.
Негізі, ойымды орыс тілінде жақсырақ және тезірек жеткізе аламын, өйткені балабақшадада, мектепте де, универде де орысша оқыдым. Көп жұмыстарымда да көбірек орысша қолданатынмын.