2024-11-29 17:57
Неге осы қазақ жігіттеріне «газ» қыздар ұнамайды? Егер жігіт ұнаса (н/е ұнамаса) оны жасырып, өзімді жасанды түрде жұмбақ қылып көрсету деген жоқ екен, бірден айтамын басын қатырмай, ұнаса өзім де әрекет етемін. Жалпы барлық тақырыпта ашық сөйлескенді жақсы көремін, қалай бар, солай тіке айта саламын. Байқағаным, бұл көбісін қорқытады ма, әлде қыздардың қарапайым, ұяң болуына үйреніп қалғаны ма, әйтеуірі, осы мінезім үшін көп түсініспеушілік болып жатады жігіттермен арамызда. Неге бұлай?🤔