2024-11-07 15:42
Екі қыз пәтер жалдап тұрдық. Екеуміз де бір мектепте жұмыс жасаймыз.Қасымдағы қыздың туған күні болып,дастархан жайып,қонақ шақырдық.Таңға дейін ұйықтамадық.Ертемен жұмысқа бардық.Түсқайта жиналыс қойыпты.Жиналысты жек көремін.Ішім ауысады. Директор ұзақ сөйледі.Бірдеңе тарс етті,шошып кеттім,көзімді ашсам,мен екен құлап жатқан.Бәрі күліп жатыр.Мен басым жасамай,түсінбей:"кешіріңіздер" деудің орнына "Сәлеметсіздер ме?"деп орныма қайта отырғам 🙃