2024-11-07 08:01
Еркіндік деген не десе, атқа отырып шабу деп айтар едім, шіркін! Ол рахатты кең далада шапқан жандар ғана түсінетін шығар. Өзім аттан қатты қорқатын едім. Отырсам дірілдеп, кәлимамды айтып отыратын едім. Бір күні құрбым: “атқа кеттік”, деді. Тәуекелге бел буған шешімім, қазіргі таңда атқа бармасам сағынатын, ішімде бір мазасыздық болса, сол еркіндікті іздеп тұратындай ерекше күйге әкелді.